Мәтінді өзгерту үшін теңшеуді басыңыз, виджеттерге өтіңіз, содан кейін Header Widget Area іздеңіз және оның орнына мәтінді енгізіңіз. Тілді тағдыңыз. Керек емес болса өшіріңіз.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Мазмұнға өту
Search for:
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Басты бет
Мектеп туралы
Мектеп тарихы
Мектеп әкімшілігі
Біздің ұжым
Бос жұмыс орны
Мектеп мұражай
Мұражай галереясы
Жаналықтар
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мектеп асханасы
Ас мәзірі
Асхана галереясы
Тексеріс актілері
Бракераж комиссиясының бұйрығы
Тәрбие жұмысы
Қамқоршылық кеңес
Тәрбие жұмысынң басым бағыттары
«Жас Ұлан» және «Жас Қырын» балалар ұйыммы
Кітапхана жылдық жоспары
Кітапхана галереясы
Дебат клубы
Адал ұрпақ
Мектепке дейнгі тәрбие
Ата-Аналарға арналған консультациялық пункт
Консультациялық пункт
Аттестация
Алтын қор
Ұлт келбеті ұстаздар
Ұлағатты ұстаздар
«Ұздік педагог»
Ардақты ардагер ұстаздар
Қазақ тілі
Русский
Қазақ тілі
Бүгін «Сұңқар» лагерінде балалар күнді көңілді әрі мазмұнды өткізді. Олар ауылдық кітапханаға барып, көптеген қызықты мағлұматтар алды, сүйікті кітаптарын парақтап, танымдық викториналарға қатысты.
Педагог-психолог: Искакова Д.Е. «Өзіңді қалай бағалайсың?» әдістемесі бойынша диагностика жүргізілді. Оқушылар өз сенімділігі мен өзіне деген қатынас деңгейін анықтады. 🎯 Мақсаты: өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау. 🧩 Міндеттері: өзін-өзі бағалау түрін айқындау, сенімділікті дамыту.
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог Жанпеисова Ж.Ж. 5-сыныпта бұзақылық туралы ақпараттық сағат өткізді.
Бүгін «Чкалов орта мектебі № 1» КММ -не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің өкілдері келді. Қызметкерлер оқушыларға кәсіби бағдар беру кездесуін өткізіп, шекара қызметінің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқу мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Кездесу мазмұнды әрі мотивациялық болды. 🇰🇿✨
02/12/2025
Бондаренко Лияны және оның тәлімгері Виктория Викторовнаны «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» облыстық байқауында І орын алған жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толайым жеңістер тілейміз!
02/12/2025
Бүгін «№1 Чкалов орта мектебі» КММ -де кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор Найманбаев Б.К. оқушылармен буллингке жол бермеу және оқушылар ұжымында сыйластық қарым-қатынас қалыптастыру тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары, олардың салдары қарастырылып, жанжалды жағдайларда өзін дұрыс ұстау және көмек сұрау жолдары бойынша ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
01/12/2025
«№1Чкалов орта мектебі » КММ білім ордасында аға тәлімгер Крамер В.Н. мектеп парламентінің отырысын өткізді. Отырыс барысында маңызды мәселелер талқыланды: оқушылардың сырт келбеті, ауыстыратын аяқ киіммен келу, волонтерлік жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа жылдық утренниктерге дайындық, үлкен үзілістерде бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен физминуткаларды өткізу, сондай-ақ 3-қабаттағы фойені және акт залындағы холлды безендіру.
28/11/2025
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ-нің 9–11 сынып оқушыларына «Курьер» көркем фильмі көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру және оларды есірткіге тәуелділікке тартудың алдын алу. «Курьер» фильмі (қазақстандық кинотуынды) жасөспірімдер ортасындағы өзекті мәселелерді көтеріп, ойланбай қабылданған шешімдердің салдарын және есірткі заттарының жастар өміріне тигізетін теріс әсерін көрсетеді.
28/11/2025
Кәсіби бағдар беруші педагог Елена Сергеевна 3 «Б» сынып оқушыларымен «Сиқырлы дорба» атты танымдық ойын өткізді. Балалар дорбадан карточкаларды алып, әртүрлі мамандықтардың суреттерінен жасалған пазлдарды құрастырды және түрлі салалар мамандары немен айналысатынын білді. Ойын қызықты да, пайдалы болды! ✨🧩
28/11/2025
Бүгін 5–11 сынып оқушылары арасында «Қойылма» тақырыбында фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тыйым салынған заттардың таралуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
27/11/2025
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ -де бастауыш буында аға тәлімгер Крамер В.Н. көңілді сергіту сәтін өткізді. Оқушылар белсенді түрде қатысып, музыкамен әртүрлі жаттығулар орындап, күн бойына көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл шара балалардың денсаулығын нығайтуға, белсенділігін арттыруға және достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.
26/11/2025
«№1Чкалов орта мектебі»КММ Бүгін аға тәлімгер Крамер В.Н. 4-сыныптарда «Мейірімді істер шеберханасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар мейірімділік пен қамқорлықтың маңыздылығын талқылап, бір-біріне құрметпен қарау, жақсы істер жасау туралы ой бөлісті. Сондай-ақ әр сынып өздерінің «мейірімділік қазынасын» құрып, жақсы істер тізімін жасады. Бұл іс-шара оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік және өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
25/11/2025
«№1Чкалов орта мектебі »КММ аға тәлімгер Крамер В.Н. 10 «А» сынында «Адал адам болу дегеніміз не?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сөйлесу барысында оқушылар адал адамның қандай қасиеттерге ие болатынын талқылады: адалдық, жауапкершілік, өзгелерге құрмет, уәде сақтау және дұрыс шешім қабылдау қабілеті. Балалар күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, ізгі істердің мәні мен жеке таңдаудың маңыздылығы туралы ойларын бөлісті. Іс-шара моральдық құндылықтарды қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және әр оқушының жеке жауапкершілігін түсінуге үлес қосты.
21/11/2025
Бүгін мектептің аға тәлімгер Крамер В.Н. жетекшілігімен мектеп парламентінің 3-отырысы өтті. Отырыс барысында парламент комитеттерінің ағымдағы жұмыстары қарастырылып, өткізілген іс-шаралардың қорытындылары шығарылды және алдағы уақытқа арналған жоспарлар бекітілді. Қатысушылар жаңа бастамалар ұсынып, мектеп өзін-өзі басқаруын дамытуға бағытталған идеялармен бөлісті. Отырыс «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын нығайтуға және «Қамқор» бағыты аясындағы жұмысты жалғастыруға ықпал етті. 📅 20 ноября 2025 года 📍 КГУ «Чкаловская средняя школа №1»
20/11/2025
Бүгін педагог-кәсіби бағдар беруші Елена Сергеевна 9 «А» сыныбында «Болашақ маршруты» тақырыбында кәсіби бағдар беру сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар өз қызығушылықтарын, қабілеттерін және құндылықтарын талдап, саналы кәсіби бағытты құру кезеңдерімен танысты. Ребектер болашаққа арналған жеке маршруттарын жасап, даму мүмкіндіктерін талқылады. 🚀📘
19/11/2025
Бүгін 11-сынып оқушыларымен бірге «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға педагог-кәсіби бағдар беруші Елена Сергеевна жетекшілік етті. Оқушылар жергілікті өзін-өзі басқару органының жұмысымен танысып, әкім аппараты қызметкерлерінің маңызды міндеттері мен жауапкершілігі туралы мәлімет алды. 🏛️📘
18/11/2025
Педагог-психолог: Искакова Д.Е. Д.Олвеусстың «Буллинг» сауалнамасын өткізді. 🎯 Мақсаты: Буллингтің таралу деңгейін анықтау және оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеу. 🧩 Міндеттері: • оқушылардың қорғаныш деңгейі мен эмоционалдық әл-ауқатын анықтау; • буллингтің түрлері мен оның көріну жиілігін анықтау; • тікелей және жасырын буллингтің бар-жоғын анықтау; • жәбірленуші, буллинг жасаушы және бақылаушы рөліндегі оқушыларды анықтау; • ұжымдағы психологиялық ахуалды бағалау.
17/11/2025
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ -нің әлеуметтік педагогы Жанпеисова Ж.Ж. 5-сынып оқушыларымен «Құқықбұзушылықтар және жауапкершілік» тақырыбында викторина элементтері мен жағдаяттарды талдауды қамтитын әңгіме өткізді. Әңгіме барысында оқушылар өз шешім нұсқаларын ұсынды.
15/11/2025
Kiтапханада ұлттық валютаның шығу тарихына арналған Ақпарат күні өтті. Оқушылар оның дамуы туралы біліп, викторинаға қатысты.
14/11/2025
Карта Leaflet