Мәтінді өзгерту үшін теңшеуді басыңыз, виджеттерге өтіңіз, содан кейін Header Widget Area іздеңіз және оның орнына мәтінді енгізіңіз. Тілді тағдыңыз. Керек емес болса өшіріңіз.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Мазмұнға өту
Search for:
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Басты бет
Мектеп туралы
Мектеп тарихы
Мектеп әкімшілігі
Біздің ұжым
Бос жұмыс орны
Мектеп мұражай
Мұражай галереясы
Жаналықтар
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мектеп асханасы
Ас мәзірі
Асхана галереясы
Тексеріс актілері
Бракераж комиссиясының бұйрығы
Тәрбие жұмысы
Қамқоршылық кеңес
Тәрбие жұмысынң басым бағыттары
«Жас Ұлан» және «Жас Қырын» балалар ұйыммы
Кітапхана жылдық жоспары
Кітапхана галереясы
Дебат клубы
Адал ұрпақ
Мектепке дейнгі тәрбие
Ата-Аналарға арналған консультациялық пункт
Консультациялық пункт
Аттестация
Алтын қор
Ұлт келбеті ұстаздар
Ұлағатты ұстаздар
«Ұздік педагог»
Ардақты ардагер ұстаздар
Қазақ тілі
Русский
Қазақ тілі
Патриоттық айлық аясында Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰБТҰҰ педагог-ұйымдастырушы Даулетулы Данияр “Ерлік сабақтарын” өткізді.
2025 жылғы 2 қыркүйекте «№1 Чкалов орта мектебі»КММ-де жас педагогтар әріптестерін келе жатқан “Мұғалімдер күні” мерекесімен құттықтады.
09.09.2025 ж. педагог-кәсіби бағдар беруші Елена Сергеевна 6 «Б» сыныбымен кәсіби бағдарлау тренингін өткізді. Тренинг барысында оқушылар мамандықтардың әртүрлілігімен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік алды.
Бүгін«№1Чкалов орта мектебі» КММ жас педагогтер мен 11-сынып оқушыларының қатысуымен спорттық ойын өткізілді.
28/01/2026
Таза ауада серуендеу әрқашан уақытты тиімді өткізудің тамаша тәсілі болып табылады. Бір топ мұғалімдер, оқушылар және мектеп әкімшілігінің белсенділері шаңғымен тұрақты түрде саяхаттап тұрады.
27/01/2026
«№1Чкалов орта мектебі » КММ аға тәлімгер В.Н. Крамер 5-сынып оқушылары арасында «Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз!» тақырыбында әңгіме-сайыс өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бір-біріне деген төзімді қарым-қатынасын қалыптастыру, әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге, өзгелерді түсініп, қабылдай білуге тәрбиелеу. Әңгіме-сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, ойын тапсырмаларын орындап, өз ойларымен бөлісті және топпен жұмыс істеуді үйренді. Өткізілген іс-шара оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара түсіністік пен бірлікті қалыптастыруға ықпал етті.
27/01/2026
Қақтығысты жағдай туындаған кезде сіз мектеп әкімшілігіне, педагог-психологқа немесе әлеуметтік педагогқа «Сенім жәшігі» арқылы жүгінуге болады. Өз өтінішіңізді қағаз бетіне жазып, бүктеп, жәшікке салуыңызға болады. Конверт қажет емес. Қалауыңыз бойынша өтінішке қол қоюыңызға немесе қол қоймауыңызға болады. Өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде қаралып, жауап беріледі. Барлық ақпарат қатаң түрде құпия сақталады. Сенім жәшігі 1-қабаттың фойесінде орналасқан. Жәшікке қолжетімділік тек педагог-психологта бар. Сенім поштасы оқу жылы бойы жұмыс істейді
26/01/2026
«№1 Чкалов орта мектебі»КММ аға тәлімгер Крамер В.Н. 9-сынып оқушыларымен «Адалдық пен әділдік» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және айналасындағыларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Әңгіме барысында оқушылар адалдық пен әділдіктің күнделікті өмірдегі маңызын талқылап, өмірден мысалдар келтірді, әділетсіз әрекеттердің салдары туралы ой бөлісті. Бұл іс-шара жасөспірімдердің моральдық ұстанымдарын нығайтып, саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.
24/01/2026
Жапсырмаға ғ секунд назар аударсаң = денсаулығыңды сақтайсың
21/01/2026
Бүгін полиция капитаны Такенова Ж.У. педагогикалық ұжыммен алаяқтықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық әңгіме жүргізді.
20/01/2026
«№1 Чкалов орта мектебінде» КММ аға тәлімгер Крамер В.Н. мектеп парламентімен бірлесіп «денсаулыққа пайдалы үзілістер» – сергіту сәттерін ұйымдастырды. Аталған іс-шара оқушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және оқу күні бойы жағымды көңіл күй сыйлауға бағытталды. Көңілді әрі белсенді жаттығулар балаларға шаршауды басып, күш-қуатын қалпына келтіруге және үзіліс уақытын пайдалы өткізуге көмектесті.
20/01/2026
«№1 Чкалов орта мектебі »-де мектеп волонтерлері мен аға тәлімгер Крамер В.Н.-ның ұйымдастыруымен қарт адамдарға қар тазалау бойынша көмек көрсетілді. Іс-шара үлкендерге құрмет көрсетуге, қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
13/01/2026
Бүгін «№1 Чкалов орта мектебі» КММ-де кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Найманбаев Б.К. «Құқық пен тәртіп» айлығы аясында 5–11 сынып оқушыларымен «Буллинг пен кибербуллингтің салдары», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында профилактикалық әңгіме өткізді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға, оқушылар арасында бір-біріне деген құрмет мәдениетін дамытуға бағытталған.
12/01/2026
Бүгін кәсіби бағдар беруші педагог Елена Сергеевна 1 «А» сынып оқушыларымен «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында сабақ өткізді. Балалар ойын түрінде маңызды әрі пайдалы мамандықтармен танысып, әр мамандықтың адамдар өміріндегі рөлін түсінді. 👩⚕️👨🚒✨
09/01/2026
8 қаңтар күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.З.Грибовская мен кітапханашы Н.Т.Понятовскаяның жетекшілігімен No1 Чкалов орта мектебінің 7-сынып оқушылары «Қар ханшайымы» театрландырылған қойылымымен ерекше қажеттіліктері бар мектеп-интернатына барды. Кездесу достық жағдайда өтті.
08/01/2026
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен «Қысқы қызықтар» атты спорттық ойындар өткізілді. Оқушылар таза ауада өткен қимылды ойындар мен эстафеталарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды. Іс-шара денсаулықты нығайтып, ұйымшылдыққа және белсенді демалысқа баулуға ықпал етті.
05/01/2026
Бүгін «Чкалов орта мектебі № 1» КММ -не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің өкілдері келді. Қызметкерлер оқушыларға кәсіби бағдар беру кездесуін өткізіп, шекара қызметінің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқу мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Кездесу мазмұнды әрі мотивациялық болды. 🇰🇿✨
02/12/2025
Бондаренко Лияны және оның тәлімгері Виктория Викторовнаны «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» облыстық байқауында І орын алған жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толайым жеңістер тілейміз!
02/12/2025
Бүгін «№1 Чкалов орта мектебі» КММ -де кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор Найманбаев Б.К. оқушылармен буллингке жол бермеу және оқушылар ұжымында сыйластық қарым-қатынас қалыптастыру тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары, олардың салдары қарастырылып, жанжалды жағдайларда өзін дұрыс ұстау және көмек сұрау жолдары бойынша ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
01/12/2025
Карта Leaflet